Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазылық полицейлер қарияға көмектесті

Қоғам тыныштығы мен тәртібін қамтамасыз етуде тәртіп сақшыларының үлесі зор. Әрдайым қоғамды елеңдеткен жағдайлар мен оқиғалардың бел ортасында жүрсе де, олардың арасында қызметпен қатар қайырымдылық жасаудың биігінен көрініп жүрген полиция бөлімі жетерлік. Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қашан да қайырымдылық іс-шаралардың басы-қасынан табылады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ауданда тәртіп сақшылары аз қамтылған отбасыларға, бүлдіршіндер мен ауыл қарияларына көмек беруді дәстүрге айналдырған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен республика аумағында 15 сәуірден бастап экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Құрманғазы аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Шортанбай ауылындағы қариямен кездесіп, үй ауласын шөптен тазалап, күл-қоқыстарын шығарып, ағаштарын суаруға жәрдемдесті.

Шортанбай ауылының қариялары сауапты іске бастамашы болған аудандық полиция қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button