Геннадий Головкин – Атырауда!!!

 Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының шақыртуымен маусым айының 29-ы күні Атырау облысына былғары қолғап шебері Геннадий Головкин келеді.

   Кәсіпқой бокстағы тірі аңызға айналған отандасымыз жергілікті жас боксшыларға шеберлік сағатын өткізеді. Онымен қоса, «Атырау» футбол клубының Қазақстан премьер лигасы аясындағы «Тобыл» құрамасына қарсы кездесуінің қонағы болады. («Мұнайшы» стадионы 19.00) – Геннадий сияқты бокс саласының қас шеберлері жас боксшыларымызға қолдау көрсетіп, шеберлік сағатын өткізіп тұрса олардың спортқа деген көзқарасы өзгеріп, үлкен мақсаттарға ұмтылады. Жас толқынды ағаларының жеткен жеңістері арқылы жігерлендіріп, олармен байланыстырып отыру – біздің міндетіміз, – дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз