Жаңалықтар

Құрманғазылық полицейлер көпірден секірмек болған адамды құтқарды

Бұл оқиға 17 маусым күні сағат 13:00 шамасында Атырау облысы Құрманғазы ауданында орын алды, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құрманғазы аудандық патрульдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері полиция аға лейтенанты Әділбек Темірболатов пен полиция лейтенанты Айтуған Бақтығалиев, полиция аға лейтенанты Нұрмағамбет Мұқышев өздеріне бекітілген аумақта арнасы толған Бұзаусылан өзегінде көпірден күдік тудырған ер адамды байқаған. Дереу жанына жеткенде ер адамның көпірдің арғы жағына өтіп суға секірмек болған әйелді райынан қайтармақ ниетте екенін көріп шұғыл әрекет етіп, полицейлер әйелді қауіпсіз жерге шығарған.

-Мәселенің мән-жайын тексеру барысында көпірден секірмекші болған 19 жастағы аудан тұрғыны екені анықталды. Бүгінде аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды, — дейді аталған департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button