«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеті бірігетін болды

3680188 Жаңалықтар

Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы 7 қарашадағы «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысына орай, елдегі кейбір басылымдарда қайта құрылымдау жүргізілетін болды.

Атап айтқанда, «Республиканская газета «Казахстанская правда» басылымын «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ құрамына кіргізу арқылы қайта құру жөнінде шешім қабылданды.

«Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шараларға сәйкес, «Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті» акционерлік қоғамы қайта құрылып, «Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналады», – делінген құжатта.

Сондай-ақ, «Қазақ газеттері» ЖШС-і құрамына «Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті» ЖШС-ін кіріктіру арқылы қайта құрылады.

Серіктестік қызметінің негізгі бағыты – Қазақстан Республикасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпараттар мен материалдарды жинау, өңдеу және тарату болып табылады», – деп атап көрсетілген қаулыда.

«Спутник Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз