Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазылық кәсіпкер асыл тұқымды ешкі өсіріп отыр

Құрманғазылық жас кәсіпкер Жастілек Қайырболат өңірдегі мал шаруашылығының кенже қалған саласы – ешкі шаруашылығын дамытуды қолға алуда, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ол өткен жылы «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеясын жүзеге асыру мақсатында  3,5 млн теңге грант ұтып алып, Ақтөбе облысынан заанен асыл тұқымды 33 бас ешкі малын сатып алып, асылдандыру шаруашылығын бастаған.

-Алдымен бұл төлдің ерекшелігін, пайдасын саралап, зерделедім. Оның ерекшелігі – сүтінде. Бір ешкі екі-үш литр болмаса одан да көп сүт береді. Сонымен қатар егізден төлдейді, яғни тез көбейеді. Қазақта «ешкі сүті ана сүтімен бірдей» деген сөз қалған. Жаңа туған балаға ішуге жеңіл. Кезінде қазіргідей қосымша тамақ болмағанда баланы осы ешкінің сүтімен асыраған. Сүті құнарлы әрі пайдалы. Қоражайда арнайы сауын орны да бар, жалпы  бұл ешкілердің түрі азықты көп талғай бермейді, жемге жүгері, тағы басқа дақылдар қосып беремін. Алдағы жоспарымызда көктемгі мезгілде «заанен» ешкілерін қолдан ұрықтандыру ісін бастау. Бұған себеп – күзде төлдеген ешкі төлдері қыс мезгіліне шыдамды келеді, әрі бұл мезгілде сүтін сақтау ыңғайлы. Қазіргі уақытта арнайы жасалған қорада 33 бас ешкі бар. Бір көмекші, екі сауыншы қарауымда қызмет атқарады, — деді Ж.Қайырболат.

Сондай-ақ шаруагердің айтуынша, ешкі төлінің бұдан да өзге француз, альпі, нубиялық түрлерін сатып алып, асылдандыруды қолға алу жоспары бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button