Аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысушылар Атыраудың киелі жерлерімен танысты (ФОТО)

IMG 6050 Жаңалықтар

Ресей мен Қазақстанның XIV өңіраралық ынтымақтастық форумының қатысушылары Атырау облысының киелі жерлерімен танысты.

IMG_6050

Пленарлық отырысқа дейін форум делегаттары Қазақстан Республикасының туристік нысандарымен танысуға мүмкіндік алды. Олардың қатарында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне енген мұнайлы өлке нысандары да бар.
Ақмешіт қорымы, Сарайшық қалашығы, Ұшқан ата қорымы мен Махамбет батыр кесенесі қатысушылар назарына бірден ілікті. Сонымен қатар, форум меймандары Атырау аймағының инвестициялық жобалары жөніндегі мол мағлұматқа қанықты. Қазірде мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында өңірде жалпы құны 3 трлн.теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба жүзеге асып, мұнда 5,6 мың жұмыс орны ашылған.

IMG_6051

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, аймақаралық ынтымақтастық форумының тақырыбы болып бекітілген «Адами капиталды дамыту» – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

IMG_6052

«Мемлекет басшысы бүгінгі жаһандану дәуірінде әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілетті болып, елінің өркендеуі үшін бар күш-жігерін арнауы керектігін ұдайы айтып келеді. Мұндай өңіраралық ынтымақтастық форумдар Ресей Федерациясындағы әріптестермен кәсіби қарым-қатынасты нығайта түсуге жол ашады. Өз кезегінде ол Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы маңызды мәселелерді шешуге оң әсер етері сөзсіз»,-деді Нұрлан Ноғаев.

IMG_6054

Айбупе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз