Мазаны алған масамен күрес күйшейтілді (+ФОТО)

DSC 0009 Жаңалықтар

Atr.kz/17 мамыр, 2019 жыл. Атырауда дезинфекциялау жұмыстары төрт ауысымда жүзеге асырылады.

Облыс орталығында жәндіктерге қарсы жұмыстармен 20 дезинфекторлар айналысуда, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда жергілікті билік масамен күресу жұмыстарын бастады. Қала және қала маңындағы елді-мекендердегі дезинфекциялау жұмыстарымен «AG Dеsinfection Services» ЖШС айналысатын болады. Шыбын-шіркейлерді құрту жұмыстары қала көшелерінде, ашық тоғандарда, үй жертөлелерінде, саябақтарда, мәдени және демалыс орындарында және қала маңындағы елді-мекендерде жүргізіледі.

DSC 0047

– Қан сорғыш жәндіктермен күресу жұмыстарына жел мен түтін генераторлары, су тасымалдаушы көліктер мен тракторлар, сондай-ақ қараша айына дейін 4 ауысымда жұмыс істейтін 20 дезинфекторлар тартылған. Дезинфекция қаланың барлық шағын аудандарында таңертең, күндіз, кешкі және түнгі уақыттар да жүргізіледі, – деді «AG Desinfection Services » ЖШС-нің энтомологы Айнагүл Дәулетияров.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Кенжебек Камалиденовтің айтуынша, 2019 жылы шамамен 40 миллион шаршы метр аумақта масаларды жою жұмыстары жүргізілетін болады деп нақтылады.

DSC 0008

Диспетчерлік қызмет телефоны:

«AG Dеsinfection Services» ЖШС:

8(7122)505610, 87782489122, 87015434339

DSC 0017
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз