Құрманғазыда округ әкімдері тағайындалды
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №34 шешімі негізінде, менің өкіміммен 2023 жылғы 15 желтоқсанынан бастап, Турегалиев Жүсіп Сүлейменұлы Бөкейхан ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Турегалиев Жүсіп Сүлейменұлы 1972 жылы 7 қаңтарда Құрманғазы ауданы, Котяев ауылында дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Білімі–жоғары. 2001 жылы ҚР ІІМ Павлодар заң колледжін «құқық қорғау қызметі» және 2014 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Бөкейхан ауылдық округінің тұрғыны. 1992-2016 жылдары Ішкі істер органдарында, 2019-2020 жылдары Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің шаруашылық бөлімінің директордың орынбасары, 2020 жылдан бастап, қазіргі кезге дейін Бөкейхан ауылдық округі әкімі лауазымын атқарды.
Аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы жаңа әкімді ауыл тұрғындарымен өткен активте таныстырып, бұған дейін осы қызметте атқарған нәтижелі жұмыстары жалғасын табуын тілек етті.
Хайруллина Эльмира Батырбекқызы Кудряшов ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Хайруллина Эльмира Батырбекқызы 1981 жылы 25 қаңтарда Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылында дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Білімі–жоғары. 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Кудряшов ауылдық округінің тұрғыны. Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Кудряшов ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастап, қазіргі кезге дейін осы лауазымды атқарды.
Жаңадан тағайындалған Хайруллина Эльмира Батырбекқызын аудан басшысы Абат Сайфоллаұлы округ активіне таныстырып, халық сенімінен шығып, ауылдық округтегі ең негізгі мәселелерді шешуге мейлінше жұмыстануды тапсырды.
Мұғалім Мұрабек Рифхатұлы Нұржау ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Мұғалім Мұрабек Рифхатұлы 1985 жылы 2 шілдеде Құрманғазы ауданы, Сафон ауылында дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Білімі–жоғары. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Казинфромтелеком» АҚ-ның Атырау филиалында кезекші болып бастаған. 2007-2008 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығында ісжүргізуші, инспектор болып, Құрманғазы аудандық жер қатынастар бөлімінде бас маман, 2008-2011 жылдары Құрманғазы аудан әкімі аппаратында ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2011-2017 жылдары Құрманғазы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бөлім меңгерушісі, 2017-2020 жылдары Құрманғазы ауылдық округінің әкімі, 2020 жылдан бастап, қазіргі кезге дейін Нұржау ауылдық округі әкімі лауазымын атқарды.
Жаңадан тағайындалған Мұрабек Рифхатұлын аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы округ активінде таныстырып, жүктелген жұмысына жауапкершілікпен қарап, тұрғындармен тығыз жұмыс жасап, Президентіміздің сындарлы саясатын қолдауда, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосады деген сенімін білдірді.
Әнес Асылбек Сайфоллаұлы Азғыр ауылдық округі әкімі лауазымына сайланды.
Әнес Асылбек Сайфоллаұлы 1982 жылы 18 желтоқсанда Құрманғазы ауданы, Балқұдық ауылында дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Білімі–жоғары. 2010 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және 2015 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Нұржау ауылдық округінің тұрғыны. Еңбек жолын 2005 жылы «РАСК» «Балқұдық» нысанында жұмысшы болып бастаған, 2005 – 2011 жылдары әр түрлі жұмыстарда, 2011 – 2012 жылдары Исатай ауданы Забурын селолық округі әкімі аппаратында бас маман, 2012-2014 жылдары Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші, кейін бас маман, 2015-2016 жылдары Атырау облыстық ішкі саясат басқармасында әкімшілік бөлімінің басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы, 2016 -2020 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімінің бас маманы, 2020-2021 жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында құқықтық ұйымдастыру, қаржы және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2022 жылдан бастап, қазіргі кезге дейін аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
Аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы жаңадан тағайындалған округ әкіміне сәттілік тілей отырып, жұмысына жауапкершілікпен қарап, халықпен тығыз жұмыс жасап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосады деген сенімін білдірді.
AtyrauPress