Халықаралық байқаушы Атырауда сайлауда кедергісіз жұмыс жасауға мүмкіндік болғанын айтты

img 20210110 wa0391 Жаңалықтар

«Тәуелсіз мемлекеттер достастығы миссиясының өкілі, байқаушы Сергей Воронов бұл туралы журналистерге айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Сайлау Қазақстан Республикасының заңдарына және Халықаралық адам құқықтарын қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес ұйымдастырылған.

Халықаралық байқаушылардың кедергісіз жұмыс жасауына Қазақстанда барлық жағдай жасақталыпты. Тағы байқағанымыз, сайлауға келіп жатқан  азаматтар көтеріңкі көңіл-күйде  белсенділік танытып жүр. Бұл күн – Қазақстанның саяси- экономикалық, әлеуметтік рухани дамуының жаңа белесі боларына сенемін» деді байқаушы  Сергей Воронов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз