648 атыраулыққа баспана бұйырады: Береке ықшамауданынан көп қабатты үйлердің қашан берілетіні белгілі болды

unnamed file 15 Жаңалықтар

«Көктемде Атырау қаласындағы Береке ықшамауданынан 9 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, 648 отбасы пәтерлі болады деп жоспарлануда» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреев айтқан.

Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үйлер Атырау қаласы Береке ықшамауданынан жалпы алаңы 47530 шаршы метрді құрайды.

«Қазіргі уақытта Атырау облысы Құрылыс басқармасы мен «Запад строй ЕРС» ЖШС арасында 9 әлеуметтік тұрғын үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асуда. Бүгінгі күні экономика және қаржы басқармасынан және басқа да тиісті мекемелерден келісімдер мен қортындылар алынды»,- деді Мерей Жантөреев.

Айта кету керек, келісім-шартқа сәйкес «Запад строй ЕРС» ЖШС 9 көпқабатты үйді биыл маусым айына дейін толық аяқтап, қаланы теңгеріміне беруге және аталған үйлерді 5 жыл мерзімге өз деңгейінде ұстап, қызмет көрсетуге міндеттеме қабылдайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз