Жаңалықтар

Құрманғазыда «Ауыл FEST» маусымы басталды

Құрманғазы ауданында мәдени мекеме ұжымдарының қатысуымен сенбі сайын өтетін «АуылFEST» концертінің маусымы ашылды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ұйымдастырған іс-шараны С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйі өнерпаздары бастады. Концертте патриоттық бағыттағы әндер, жергілікті ақын-сазгерлердің туындылары орындалды. Өнерпаздар аспаптық-вокалдық топтың сүйемелдеуімен әлемдік хиттерді де нақышына келтіре шырқады. Көрермендер ауылдастарының өнертіне тәнті болды.

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықовтың айтуынша, бұл іс-шара жиырма жылдан бері өткізіліп келеді.

–Концерттің мақсаты – ауыл тұрғындарының уақытын тиімді өткізу. Бүгінгі жоба 31 тамызға дейін жалғасады. Әр сенбі сайын ауданға қарасты округтердің 21 мәдениет үйі екі-үштен бірігіп, өнер көрсетеді, — деді Ж.Сағындықов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button