Атырау облысының әкімі Доссор кентіндегі тұрғын үйлердің кәріз жүйелері құрылысын тексерді (+ФОТО)

img 20200803 wa0069 Жаңалықтар

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл.​ Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов Доссор кентіндегі инфрақұрылым жобаларын аралау барысында тұрғын үйлердің кәріз жүйелерінің құрылысымен танысты.

Мұнайлы өңір Доссор кентіндегі тұрғын үйлердің кәріз жүйесі – осы кезге дейін өткір қойылып келе жатқан мәселе. Мақат ауданында былтыр құрылысы аяқталып қолданысқа енгізілген кәріздік тазалау станциясының ғимараты қазіргі күні тәулігіне 3000 текше метр суды қабылдайды. Ал, аудандағы инфрақұрылымдардан келетін лас судың мөлшері бар – жоғы 600-700 текше метрді құрайды. Бұл аздық етіп отыр.

Сол себепті, Доссор кентінің кәріз жүйесін Мақат ауданында жұмыс жасап тұрған станциямен қосу мақсатында жұмыстар жүруде.
Айта кетелік, кәріз құрылысының жобалық-сметалық жұмысына жалпы 5,5 миллиард теңге бөлінді. Бас мердігер – «Гарант Строй» ЖШС. Мақат ауданының Доссор кентінің кәріз су жүйелерін күрделі жөндеуге және құрылысына облыстық бюджеттен 3,951 миллиард теңге бөлініп толықтай игерілген.

2017 жылдың желтоқсан айында басталған кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Осы өзекті мәселені жан-жақты көріп танысып шыққан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов кәріз жүйесі құрылысының уақытылы пайдалануға берілуін алдағы уақытта өзі қадағалайтынын баса айтты.

Қазіргі таңда алдын ала болжау бойынша, «Доссор-Мақат» сорғы станцияларының кәріз жүйелерінің құрылысы жасақталуда. 3,5 милиард теңгені құрайтын жобалау жұмыстарының техникалық қызметтері мен құжаттарын «ҚазақСуАрнаЖоба» ЖШС дайындап жатыр.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

img 20200803 wa0065
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз