Рухани өмірдің мәйегі

2012111912459800g Жаңалықтар

Қандай елдің де, ұлттың да өзіне тән мәдениеті болады. Ғасырдан ғасырға жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған өнерді тек ұлтын сүйген, мәдениетін қастерлеген жандар ғана жалғастыра алады.

Рухани өмірдің мәйегі Қазақстан Республикасы мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыстың бір топ өнер адамы «Мәдениет саласының үздігі», Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, республикалық Махамбет атындағы сыйлықпен, Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова: – Мемлекеттің абыройлы болуы – ондағы халық жанының ізгі болуында. Сол ізгілікті жасайтын қасиетті өнер. Адамзаттың рухы, терең тарихы, ділі мен діні, тілі мен мақсат-мұраты о бастан мәдениетпен біте қайнасқан. Қоғамда орны бөлек өнер адамдарын қарапайым бұқараның төбесіне көтеретіні де осы себептен. Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттап, халыққа эстетикалық ләззат сыйлайтын – өнер майталмандары – деп, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің құттықтауы мен ізгі тілегін жеткізді.

Марапат алғандардың қатарында мәдениет пен өнер саласында 30-40 жыл еңбек етіп келе жатқан Болат Мәжитов, Латиф Айтқалиев, Василий Қабиев, Гүлмира Сембаева, Жаңылсын Сейтова, Серік Биғамбаев, Альфия Тлепова және басқалары бар. Ш а р а б а р ы с ы н д а о бл ы с т ы қ мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те әріптестеріне жылы лебізін білдірді.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз