Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазыда арзандатылған көкөніс пен жеміс сататын дүкен ашылды

Ауданда шағын және орта бизнес дамып, жеке кәсіпкерлікпен айналысам деушілердің қатары күннен күнге артып келеді. Осындай шағын кәсіпкерлікпен айналысушы Уалихан Жұмағалиев Құрманғазы ауылынан «Дамир» атауымен көкөніс пен жеміс-жидектерді арзандатылған бағада ұсынатын дүкенін ашты, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жеке кәсіпкер өз еңбегімен нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бастаған ісін сәтті аяқтап, ауыл тұрғындарына қажетті көкөністерді төмен бағамен қамтуды қолға алуда.

-Отбасымызбен кеңесе отырып, шағын дүкен ашуды жөн санадық. Болашақта кәсібімізді дамыту арқылы жанұямыздың шаруасын дөңгелетсек деген ойымыз бар. Дүкенде тұрғындарға ең керекті көкөніс пен жемістер арзан бағамен сатылатын болады. Мысалы картоп 180, пияз 130, алма 350, капуста 100 теңге,- деді У.Жұмағалиев.

Кәсіпкер тауарларды Атырау және Ресейдің Астрахань қалаларынан әкелуде. Бүгінде дүкен иесі сегіз адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Дүкен көтерме және бөлшек саудамен қамтамасыз етуде.

Жаңа дүкеннің ашылуына келген ауыл тұрғыны Мейрамгүл Құспанова бағаның қол жетімді екенін, аталған сауда орнының іші таза әрі жарық және барлық санитарлық талаптарға сай екенін айтып, ризашылығын білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button