Құрманғазы ауданында жасөспірім суға батып кетті

2022 05 16 crop 3 47 423x592 Жаңалықтар

29 мамыр күні Құрманғазы ауданы Нұржау ауылында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыл бойымен өтетін «Шарон»  өзенінің сағасы «Жіңішке» каналында суға түсуге тыйым салынған жерде балалар суға түсіп, 15 жастағы жасөспірім тереңдігі 3 метр болатын канал суына шомылу кезінде батып кеткен.

Су асты іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 19:05 сағатта ТЖД қызметкерлері және ауыл тұрғындарының күшімен мүрдесі судан шығарылды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар депатаменті төмендегідей судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

– Суға абайлап түсіңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз;

– Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;

– Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда – сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмек шақырыңыз;

– Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз;

– Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз;

– Мас күйде суға шомылуға болмайды;

– Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға пайдаланыңыздар;

– Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз;

– Үлкен толқындар кезінде шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су құрылыстарынан сүңгімеңіздер;

– Жағажай жағалауларымен айдындарын ластамаңыздар. Өзіңізбен үй жануарларын әкелмеңіз;

– Шомылғанда автокөлік доңғалағы камерасың, тақташаны, допты, үрлемелі матрасты т.б. қолданбаңыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз