Құрманғазыда екі автокөлік көпірі салынып, Хиуаз, Орлы ауылдарының жолы жөнделеді

0 30 Жаңалықтар

 Құрманғазы ауылының Құрылысшы мөлтек ауданынан Болашақ мөлтек ауданына тікелей шығатын 2 автокөлік көпірі   салынады.

«Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың  есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды  Атырау  облыстық  коммуникациялар қызметі.

Спикер Қайрат Нұртаевтың айтуынша, «Бұзаусылан», «Шортанбай – Жыланды» жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады.

Сонымен қатар, Хиуаз, Орлы ауылдарына кірме және ішкі жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Атап өту керек,  Азғыр өңіріндегі әлеуметтік сала нысандары толықтай және тұрғындардың 50 %-ы газге қосылды. Табиғи газбен қамтылу 98%, яғни 49 елді мекеннің 48 –і қамтылды.

Еске сала кетелік, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз