Гүл өсірген Гүлназ

гүл осирген гульназ Жаңалықтар

Атырауда алғаш ашылған «Flower Lab Atyrau» гүл дүкенінің иесі Гүлназ Кенжеғалиева ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге кеңес беруден жалықпайды.

%d0%b3%d2%af%d0%bb-%d0%be%d1%81%d0%b8%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b3%d1%83%d0%bb%d1%8c%d0%bd%d0%b0%d0%b7

Оның  үлкен арманы тек бес жылдан кейін ғана орындалыпты. Жеке бизнесін бастау үшін Астанада оқып жүрген кезінде Гүлназ аз-мұз ақша жинай бастағанын айтады. Кейін Ұлыбританияда жүргенде саудамен айналысып, мейрамханаларда қосымша табыс табады. Шет елде флористика мектебінде оқиды.

– Мен Атырауда «Flower Lab» фирмасының өкілдігін аштым. Үш флорист маман қызмет етеді. Бұл франшиза (авторлық меншік) алғаш рет Мәскеуде құрылды. Қазір Қазақстанның – алты, Ресейдің 47 қаласына, сонымен қатар, Әзірбайжан, АҚШ, Армения және басқа да елдерге ұсынып отырмыз. Бұл бренд әлемнің 60 еліне тарады. Осы фирманы таңдаған себебім, олардың гүл шоқтары менің қиялымдағы композициямен үндеседі, – дейді кәсіпкер.

Бүгінде дүкенде жоғары сапалы Италия, Франция, Эквадор және Кениядан келген гүлдер сұрыпталған. Бұдан бөлек, мұнда үйге арналған парфюмге және «Flower Lab» ұсынған майшамдарға, Бельгиядан тікелей жеткізілетін шоколад секілді түрлі тәттілерге тапсырыс беруге болады. Дайын гүл шоқтары екі аптаға ғана шыдаса, арнайы орамада ұсынылған гүлдер үш апта бойы тұра береді.

Әсел ТҰЯҚБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз өкілі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз