ЖаңалықтарЭкономика
Құрманғазы ауданында 4 туристік демалыс орны ашылады
«Қазіргі уақытта қосымша 4 туристтік демалыс орындарының құрылысын жүргізуге жер телімдері бөлініп, жоспарлы жұмыстар ұйымдастырылуда» деп хабарлайды Atr.kz
Өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевтың айтуынша, салынатын туристік базалар нысаны жоғары деңгейдегі сервистік қызметімен ерекшеленетін болады.
Атап өту керек, бүгінгі таңда Құрманғазы ауданында 4 туристік объект жұмыс жасап тұр. Олардың қатарында «Қиғаш» әуесқой балық аулау және туристік базасы, «Ержан» туристік базасы, «Туристік демалыс базасы» және «Атырау облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне қарасты туристік база.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА