img 20201119 wa0092

Атырауда театрдың төрт тарланына арнап ескерткіш қойылды (+ФОТО)

Жаңалықтар Мәдениет ФОТОГАЛЕРЕЯ Шаһар шырайы
9 / 100

Бүгін, 19 қарашада Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ғимаратының алдында театр және кино актерлері – Сабира Майқанова, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және Хадиша Бөкееваға арналған ескерткіштердің ресми ашылуы өтті.

Салтанатты жиынды Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова құттықтау сөзімен ашты.

  • Міне, бүгін театрдың төрт тарланына Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театырының алдынан ескерткіш ашылмақ. Бұл жай ғана сәулет өнерінің үлгісі немесе сәнді-салтанатты нысан емес, бұл – белгі. Атыраулықтардың мәдениет пен өнерге, оның өкілдеріне, аға ұрпаққа деген құрметінің белгісі, кез-келген ел үшін руханияттың маңыздылығын меңзейтін өскелең ұрпаққа деген өсиетінің белгісі! – деп, облыс әкімінің орынбасары жаңа нысанның мән-маңызын атап өтті.

Ескерткіштің лентасын – шараның арнайы қонақтары – көрнекті ақын, Махамбет және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан мен Қазақстан және КСРО Халық әртісі, қазақ театр және кино өнерінің абызы – Қазақстанның Еңбек ері – Асанәлі Әшімов қиды.

«Атырау-Ақпарат»

img 20201119 wa0094
img 20201119 wa0093
img 20201119 wa0095 1
img 20201119 wa0099
img 20201119 wa0096

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған