Жарнама
Жаңалықтар

Құрбан айт күндері Атырауда мал базарлары жұмыс істемейді: құрбандық онлайн шалынады

Atr.kz/25 шілде, 2020 жыл. «Пандемия жағдайына байланысты биыл Құрбан айт намазы оқылмайды. Құрбан малының еті мұқтаж отбасыларға толықтай таратылады. Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте белгілі болды» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, онлайн режимде Qurban2020.kz  сайты арқылы құрбандық шалуға болады.

«Сайтта құрбан шалу рәсімі мейілінше жеңілдетілген.

1 қадам: Құрбан шалу ұяшығына өтіп, өңіріңізді таңдайсыз

2 қадам: Аты-жөніңіз, байланыс телефоны, құрбандыққа шалатын мал түрі және санын таңдайсыз

3 қадам: автоматты түрде таңдалған малдың бағасы шығады

4 қадам: мал құрбандыққа шалынғаны туралы есептің (фото, видео) қажет, қажет еместігі туралы батырманы басасыз (қажет болса, ватсап номер қалдыру міндетті)

5 қадам: электронды тапсырыс номері беріледі

6 қадам: сайтта көрсетілген реквизитке қажетті соманы аударасыз

Осылайша, сіз карантин талаптарын сақтай отырып, құрбандық шала аласыз» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Ескерерлігі, құрбан малының еті толықтай мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.

 «Құрбандыққа шалынған малдың етін үшке бөлместен, тұтас күйінде мұқтаж отбасыларға таратылады. Мамандар індетпен күресте иммунитет жоғары болуы керектігін айтуда. Демек, мұқтаж отбасылар үшін бұл қайырлы амал болмақ. Ал, мұқтаж жандар отбасы мүшелерінің куәлігін жолдау арқылы, құрбан малының етін ала алады» деп атап өтті Атырау облысының Бас  имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

img 20200725 wa0128

Қандай мал құрбандыққа жарамсыз? Бас имам Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша,  шариғатымызда  таңдалған малдың сау, мінсіз болуы талап етіледі. «Көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, тістері жоқ, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінен көбі кесілген малды құрбандыққа шалу дұрыс емес» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Айта кету керек, шалынған құрбан малы туралы барлық есеп халыққа ашық түрде жария етіледі. Қазіргі уақытта онлайн құрбандық мәселесін үйлестіру үшін Атырауда арнайы штаб құрылып отыр.

Сонымен бірге, құрбандыққа шалынатын малдың бағасы шығарылып отыр. Ұсынылған баға (онлайн тапсырыс кезіндегі қасапшы қызметін қоса алғанда) ешкі – 35 мың теңге, тоқты – 40 мың теңге, қой – 50 мың теңге, сиыр – 350 мың теңге, түйе – 700 мың теңгеге бағаланып отыр. Ірі – қара малды 1 немесе 7 адам бірігіп шала алады.

img 20200725 wa0130

Атырау қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бас маманы Орынбек Зеректің айтуынша, арнайы тексеру кезінде  үш мал базары ғана санитарлық талаптарға сай келетіні анықталған.

«Яғни, онлайн тапсырыс аясында берілген құрбандық малы Береке ықшамауданындағы «Қуаныш» жеке қожалығы, «Адал мал», «Асыл агро» мал базарларындағы мал сою пункттерінде сойылады.  Қосымша екі базар  қатаң дезинфекциялық жұмыстар жүргізуге міндеттеліп отыр» деп атап өтті спикер Орынбек Зерек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button