МЕРЕКЕЛІ ЖЫЛДЫҢ ШАРАЛАРЫ

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы. Оның аясында бүкіл ел аумағында жыл басынан бері 19 759 іс-шара өткізілген. Бұл жайында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми сарапшылық кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

 

«ҚХА-ның 20 жылдығына орай әр өңірде түрлі мерекелік шаралар мен басқосулар өтуде. Жарты жылда еліміздің қалаларында осы мерекеге байланысты   өткізілген мерекелік шараларға 8,3 млн. адам қатысқан болатын. Бұл дегеніміз,  ҚХА ұлттық бірлікті нығайту бағытында жақсы жұмыс істеуде деген сөз. Мерекелік шаралардан бөлек еліміздің барлық өңірлерде қайырымдылық акциялары да өтіп жатыр. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарда ҚХА жылына орай кафедралар ашылады. Оның негізгі мақсаты – бес жыл оқып шыққан әрбір студент еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің тарихымен ғана танысып қоймай, болашақта елінің патриоты болып өсуіне бірден-бір ықпал етеді» деді ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз