Атырауда соңғы тәулікте 180 адамнан КВИ анықталды

111 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/24 шілде, 2020 жыл. Өңірде соңғы тәулік ішінде КВИ жұқтырған 180 адам анықталды, ал, қауіпте дерттен 164 адам айықты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді. 

–    23-нен 24 шілдеге қараған түні 180 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, 9,3 пайызды құрап отыр. Бұл 1,89 өсімге өскенін аңғартады. Ал, тәуліктік сынама бойынша  1 611 ПТР-тест жасалған. Бұдан бөлек амбулаториялық деңгейде пневмониямен емделіп жатқандар саны – 2 876, ауруханаларда – 413 адам бар. Ал, ЖРВИ белгілерімен амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар саны – 235, – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыста  коронавирус  жұқтырған  9 710 жағдай тіркелді.Оның ішінде 5 899 адам қауіпті дерттен жазылып шыққан. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз