
Құқықтық оқытулар тұрақты түрде жүргізілуде
Мемлекеттік қызметі туралы заңнаманың негізгі талаптарыны бірі – заңдылық қағидаты. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Д.Китенбаева мен республика Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметшілерге құқықтық оқыту өткізді.
Аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқықтық оқыту барысында мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру тәртібі туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес, «Ойын бизнесі туралы» республика Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтыны туралы атап өтілді.