Қызылқоғада су басу қаупі сейілді

338941696 734505335007411 3980383734029176052 n Жаңалықтар

Биылғы өр суының алдыңғы жылдарға қарағанда мол келуі аудан тұрғындарын қуанышқа бөлегені рас. Әйтсе де, тасқын судың ауыл ішіне кіріп кетпеу қаупінен қорғау басты міндет.

Ойыл өзені және Жарыпшыққан арнасы арқылы келген өр суы Қарабау ауылына келіп тоғысты. Екі жақтан келген көп мөлшердегі суды Қарабау ауылының екі ортасындағы каналмен өткізеді. Алайда, су деңгейінің көп болуы арнасынан асып, ауыл ішіне кіріп кету қаупін төндірді. Тіпті, каналдың айналасын қоршаған зәулім бөгеттерді де жарып кетуге шақ қалды.

screenshot 4 10

– Әрине, Қарабау ауылының барлық тұрғыны Атырау қаласынан, аудан орталығынан келген техникаларын іске қосып, төрт күн бойы бөгет салуға атсалысты. Ауылды судан қорғауға жұдырықтай жұмылды. Бірақ, өр суының өте көп мөлшерде келіп, арнасынан асуы ауылға кіріп кету қаупін тудырды. Сондықтан, ауыл ақсақалдары және белсенді азаматтармен ақылдаса отырып, аудан басшыларының келісімімен «Қарабау ауылына кіре беріс тас жолды жыру керек» деген шешім қабылдадық. Соның арқасында, ауылға су кіріп кету қаупі сейілді,- дейді Қызылқоға ауылдық округінің әкімі Зейнолла Шаликов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз