
Жаңалықтар
Құлсарыдағы өрт: 16 адам зардап шегіп, 2-і қаза болды
Құлсары қаласында жанар-жағармай құю бекетінде орын алған өрттің салдарынан 16 адам зардап шекті. Оның ішінде, өкінішке қарай, 2 адамның қаза болғаны расталды. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай 29 мамыр күні кешкі сағат 20:15 шамасында тіркелген. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жедел жетіп, сағат 21:47-де өрт толықтай сөндірілді.
Қазір зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қаза тапқандардың жеке басы анықталу үстінде. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында арнайы тергеу тобы жұмыс істеуде.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметі бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қуандық ШӘКІРОВ