Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАСарапTimeЭкономика

Алда азық-түлік тапшылығы бола ма? – маман жауабы (+ВИДЕОСҰХБАТ)

Қазір несие алатын уақыт емес. Экономист Мақсат Халық қарапайым халыққа осындай кеңес берді.

«Қазір несие алатын уақыт емес. Себебі пайыздарын өсіріп жіберді. Банктер ипотекалық несие мен тауарларды бөліп төлеуге беруді тоқтатты. Ал пайыздық несиелерді алудың қажеті жоқ.

Пайыздық несие алған жағдайда, тым құрығанда оның артық төлемін азайту үшін ертерек жабуға тырысу керек. 

Азматтарымызға айтқым келетіні, желі арқылы тарап кететін ақпараттарға қатты сенбеңіздер. Күйзеліске, эмоцияға берілмейік. Барынша сабырлы болсақ, дұрыс шешімдер қабылдаймыз.

Ал қаржыға қатысты шешімдерді барлық байыбына барып қабылдау керек. Сол кезде ешқашан ұтылмайсыз. Жинақтарыңызды бөліп сақтаңыз. Үлкен пайыздық несиелеріңіз болса, олардан құтылып тастаңыз. Бөліп төлеуге алынған қарыздар тұра берсін. 

Біз қолданатын тұрмыстық, химиялық заттардың басым дені осы уақытқа дейін Ресей арқылы Қазақстанға жеткізілген, енді бұл тауарлардың бағасы қымбаттайды. Алдағы уақытта мұндай тауарларды шетелдік компаниялармен келісу арқылы тікелей алдыру керек. Алайда жаңа транзиттік жолдарды іздеп тапқанға бірнеше ай уақыт керек болады. Сол себепті қолданыстағы заттарды алдын ала алып қойған да дұрыс.

Нанның қымбаттауының қандай экономикалық негізі бар? Өзімізді өзіміз ұнмен 95 пайызға қамтамасыз етеміз. Ресей одақтас мемлекет бола тұра, тамыздың соңына дейін бізге бидай сатпаймыз деді. Бірақ біз азық-түлік тапшылығына ұрынбауымыз керек. Өйткені ішкі нарықты өзіміз қамтамасыз ете аламыз. Украина мен Ресейге жалпы әлемдегі бидай қорының 30 пайызы тиесілі. Енді қазір олардың бидай егетін мүмкіндігі жоқ. Сондықтан әлемдік нарыққа әсер ететіні анық. Бірақ Қазақстанда доллар қымбаттады екен деп бүкіл заттың бағасын өсіре беруге болмайды» дейді Мақсат Халық. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button