Жарнама
Жаңалықтар

Құлсарыда жоғалған азаматтар табылды

Құлсары қаласының екі тұрғыны жұма күні Шөл қала учаскесіне жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен. Бұл туралы құтқарушылардан көмек сұрап хабарласқан олардың туыстары айтты.

Бүгін таңертең төтенше жағдайлар қызметінің іздестіру тобының көмегімен жоғалған екі азамат «Бес ағайын» қыстағынан табылып, Құлсары қаласына аман-есен жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Белгілі болғандай ауа райының қолайсыздығына байланысты олар бара жатқан жерлеріне жете алмай, қыстақта көмек күтіп отырған.
Көмек алған азаматтар арнайы қызметтің жігіттеріне алғыстарын білдіріп, зор ризашылықтарын айтты.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button