Жаңалықтар
ҚҰЛСАРЫДА 3000 ОРЫНДЫҚ СТАДИОН САЛЫНУДА
Стадион құрылысы 2022 жылы аяқталады. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімі Халел Жамалов айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Сонымен бірге, Құлсары қаласындағы бес қатарлы 100 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы биыл желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.
Және жеке инвестиция есебінен тағы үш қатарлы 60 пәтерлік баспана құрылысы басталды» деді спикер.
Ал, «Игілік» бағдарламасымен іске асып жатқан Құлсарыдағы 75 орындық аурухана құрылысы келер жылдың наурызында аяқталады.