Құрманғазы ауданындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 7,5 млрд. теңгеден асты (ФОТО)

WhatsApp Image 2018 02 01 at 08.07.55 e1517460297889 Жаңалықтар

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданының басты экономикалық локомативі – ауыл шаруашылығы саласы,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-02-01 at 08.07.55

Былтыр ауданда үш ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Оның бірі – «Құрманғазы» өндірістік кооперативі. Мұнда мемлекеттік қолдау шараларының  арқасында ет өнімдерін өңдеу мен қайта өңдеу ісі жақсы жолға қойылыпты. Аудан фермерлері былтыр 1220 ірі қара мал сойып, 142 тонна ет өнімін шығарған.

WhatsApp Image 2018-02-01 at 08.07.54

Қазір ауданда 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұл секторда шығарылған өнім көлемі 7 млрд. 640 млн. теңгеден асты.

Жаңа нысандар қатарында – бөтелкедегі су мен сусындар шығаратын цех бар, онда сағатына 1400 литр ауыз су дайындалады. Сүт өнімдерін шығаратын өндірістік кооператив те жұмысын бастады. Өткен жылы халықтан 64 тонна сүт қабылданып, 16 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

WhatsApp Image 2018-02-01 at 08.07.54(1)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысымен танысып, проблемаларын тыңдады және жауапты адамдарға мәселелерді шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз