Құлсары қаласы су басу қаупіне байланысты ішінара эвакуацияланады
Облыстық жедел штаб Жылыой ауданында қалыптасқан жағдайға байланысты Құлсары халқын Теңіз вахталық кентіне ішінара эвакуациялау туралы шешім қабылдады.
Жедел штаб эвакуация қала аумағын су басу деңгейіне қарай жүргізілетінін атап өтті. Қазір вахталық кентте 2,5 мыңға жуық төсек-орын дайындалып, 35 автобус құлсарылықтарды қауіпсіз жерге көшіруде.
Еске сала кетейік, 6 сәуір сағат 00.30-дағы жағдай бойынша су басқан тұрғын үй саны
үйлер мен қоғамдық (әкімшілік) ғимараттар-шамамен 2480,
оның ішінде 630 тұрғын үй (100 үй салынып тұр, бірақ адам қоныстанбаған),
мектептерге эвакуацияланатындардың саны 9484 адам ,
балалар саны 4644 адамды құрайды (оның ішінде су басу қауіпі бар жерлер бар) 14 эвакуациялық пунктке, 415 адам
Майкөмген ауылдық округінің Мәдениет үйі мен мектептеріне эвакуацияланды.
Ауданда кешеден бастап табиғи төтенше жағдай режимі жарияланды.
Толық эвакуация туралы хабарлайтын дабыл жүйелерін қосылды.
Анықтама үшін: жалпы халық саны 86 939, оның 7400-і қарттар, 2465-і мүмкіндігі шектеулі, 37 069-ы балалар, 1004-і жүкті аналар. Қазіргі таңда ауданда жаға бекіту жұмыстары жалғасуда.
Облыстық жедел штаб