Көмек үшін алғыс айтамын

  Біздің облыста толассыз жауын салдарынан суға кеткен жекеменшік сектордағы үйлер өте көп. Солардың бірі – біздің үй. Өзім жесір әрі мүгедек жан болғандықтан менің жоғымды жоқтап, сонау Индер ауданында тұратын Майда Азжанова жеңгем келді. Сол кісінің белсенді әрекеті арқасында үйіме газет тілшісі де, қалалық әкімдік өкілдері де, қалалық әлеуметтік қорғау қызметкерлері де арнайы келіп, менің ауыр жағдайыммен жақынырақ танысты. Танысып қана қоймай, қолдарынан келетін көмек-қолдауын көрсетті.

  Ең басты айтарым, мен секілді тұрмыс жағдайы аса қиын жандарға қаржылай қолдау көрсетіліп отыр. Сөзімнің соңында, «Атырау» газеті редакциясына шын жүрегімнен алғыс айтамын. Қалалық әкімдік 3 миллион теңге қаржылай көмек берген соң құлағалы тұрған ескі үйіміздің орнына, кішілеу болса да, баспана тұрғызуды қолға алып жатырмыз. Әрине, қазір тегін ештеңе жоқ, құрылыс материалдарының бәрі қымбат. Әйтсе де, қайырымды жандар мен ағайын-туыстың қолдауымен шағындау үй құрылысын бастап кетпекпіз. Ел ағаларының осындай көмегін көріп отырған мен туған халқымыздың жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған елдік көзқарасына тәнті болдым. Бәріңізге рахмет, сіздердің әрбір қадамыңызды Алла қолдасын!

Сәлима БАРАҚОВА,

екінші топ мүгедегі.

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз