Жарнама
ЖаңалықтарИнфрақұрылым

Қуатты Қазақстан бастауын қуатты өңірден алады

Мемлекет басшысының тапсырмасында атап көрсетілгеніндей, еліміздегі «жақсы» және «қанағаттанарлық» жағдайдағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың үлес салмағын 95%-ға жеткізу межеленді. Соның ішінде республикалық маңыздылықтағы жолдың ұзындығы 1125,6 шақырымды құрайды. 2022 жылдың қорытындысымен бұның 49%-ы «жақсы» және «қанағаттанарлық» жағдайда деп бағаланды. Бұдан бөлек, облыстық және аудандық маңыздылықтағы 1927 шақырым жолдың 1327 шақырымы немесе 72%-ына «жақсы» және «қанағаттанарлық» деген баға беріліп отыр. Биыл бұл көрсеткішті 76%-ға жеткізу жоспарланды.

Облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұржау Маратовтың айтуынша, 2023-2025 жылдар аралығында облыста жалпы ұзындығы 440,2 шақырым автомобиль жолын жөндеу жоспарланыпты. Қазіргі уақытта о сыдан төрт жыл бұрын басталған «Индер– Қарабау–Миялы–Сағыз» автомобиль жолының «Индер–Қарабау» аралығын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 87 шақырымдық жолдың 77 шақырымының төменгі қабаты асфальтбетон жабындысымен қамтылып, пайдалануға дайын тұр. Қызылқоға ауданындағы «Миялы– Ойыл» жолын (ұзындығы18 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Мұнда су өткізгіш құбырлар мен мал өткелдерін салу да жоспарға енгізілген. Сол сияқты, Құрманғазы өңіріндегі «7 разъезд–Асан–Азғыр– Балқұдық–Сүйіндік» жолын орташа жөндеуден өткізіп, «Ақкөл– Қызылоба–4 разъезд–Қиғаш» жолын қайта жаңғырту қолға алынған. Маңызды жобалардың қатарында «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде Құлсары қаласының жолдарын жөнге келтіру жұмыстарын атауға болар еді. Шаһардағы реконструкциядан өткізілетін жолдардың жалпы ұзындығы 118 шақырымнан асады. Бұл жоспар толықтай орындалса, қаладағы «жақсы» жəне «қанағаттанарлық» жолдардың үлесін 52-ден 81%-ға жеткізуге мүмкіндік туады. Осындағы «Атырау» шағын ауданында 22 шақырым асфальт жол жаңадан төселсе, 32 шақырымға жуық қалаішілік жол қайта жаңғыртылады. Бүгін де ұзындығы 2 7 7 шақырымды құрайтын «Атырау– Астрахан» жолындағы асфальтбетон жабындысының төменгі төселімінде көлік қозғалысына рұқсат беру жəне құрылысы толықтай біткен 40 шақырымын іске қосу ұйғарылған. Көршілес мемлекеттерді байланыстыратын халықаралық дəліздің құрылысын келесі жылдың соңына қарай бітіру межеленген. Сонымен бірге, ұзындығы 86 шақырым «Атырау– Доссор» жолын үшіншіден бірінші санатқа ауыстыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Жолдарды жақсартып, жайлы да қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуде кейінгі кездері инфрақұрылым құрылысында қолданысқа енгізіле бастаған жаңа технологиялардың да үлесі бар. Қазіргі уақытта шаһардағы бірнеше көшеде тозығы жеткен асфальт жабындысы толығымен алынып, орнына қиыршықтасты-мастикалық асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Қала əкімдігі баспасөз қызметінің мəліметінше, мұндай тəсіл өңіріміздегі жол құрылыс-жөндеу жұмыстарында тұңғыш рет пайдаланылып отырған көрінеді. Осылайша, жаңа жобаның алғашқы кезеңінде қала бойынша оннан астам көшенің көлік жүретін бөлігіне сапасы мен төзімділігі жоғары қиыршықтасты-мастикалық асфальтбетон жабындысы төселеді. Атап айтсақ, олар: Берғалиев, Қошқарбаев, Құнанбаев,  Сəтбаев, Садықов, Құлманов, Молдағұлова, Жұмағалиев, Молдағалиев, Темірханов, Əліпов көшелері. Сонымен қатар, Владимирский мен Құрманғазы көшелерінің аралығындағы, ҚКТ-Қ полигоны аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 18 шақырымға жуық автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жаңа технологиямен жүргізіледі. Осы уақытқа дейін, жоспарланған учаскенің 3,2 шақырымында құрылыс-жөндеу шаралары аяқталған. Мамандар қиыршықтасты мастикалық асфальт бетон жабындысының қолданыстағы ұсақ түйірлі асфальт жабындысымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары барын айтады. Мəселен, жаңа технологияның тас жолдың бойындағы тұрақты деформацияға қарсылық көрсеткіші жоғары. Оған қоса, мұнда көлік протекторларының жабындыны ұстау қабілеттілігі артып, шуылы да айтарлықтай азаяды. Сонымен бірге жол төсемінің беріктігі ұлғаяды. Қысқасы, жаңа технология жол бойындағы жайлы қозғалысқа кепілдік береді.

Дəулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button