Атырауда әйелден 150 мың теңге бопсалаған тұрғын ұсталды

0db4045d14c62a0b585562df91c49460 Жаңалықтар

Atr.kz/30 тамыз, 2020 жыл. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 жастағы тұрғын өзі танымайтын әйелден бірнеше рет ақша талап еткен.

  • «Полицияға арызданған әйел ер адамның бірнеше рет қорқытып, ақша алғанын хабарлады. Бастапқыда 80 мың, үш күннен соң 70 мың теңге талап етіп, жалпы сомасы 150 мың теңгесін алып кеткен. Осы дерекке байланысты Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ақша бопсалаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 24 жастағы ауыл тұрғыны мектептен ноутбук ұрлағанын хабарлағанбыз.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз