Қуаныш қасіретке айналмасын!
ЖАҢА ЖЫЛ – БАРЛЫҒЫМЫЗ ҮШІН ОРНЫ БӨЛЕК МЕРЕКЕ. ЖАҚСЫ КӨҢІЛ-КҮЙ МЕН КӨП СЫЙЛЫҚТАР АЛЫП КЕЛЕТІН ҚЫЗЫҚТЫ МЕЙРАМ ТҮРЛІ ОТШАШУЛАРСЫЗ ӨТПЕЙТІНІ БЕЛГІЛІ. ПИРОТЕХНИКА АТАЛАТЫН ОНДАЙ КӨҢІЛ КӨТЕРУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕРЕКЕЛІК ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ ҮШІН ЖИІ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ. ДЕГЕНМЕН, ДҰРЫС ҚОЛДАНА БІЛМЕГЕН ЖАҒДАЙДА ЗИЯНЫ ЖОҚ НӘРСЕНІҢ ӨЗІ ҚАУІП ТУДЫРУЫ МҮМКІН.
Сондықтан күйіп қалудан, жарақаттанудан, өрттен және басқа мерекелік көңіл-күйге кірбің түсіретін жайттардан аулақ болу үшін оны қолданғанда төмендегі ережелерді мұқият сақтаңыздар:
— отшашуларды, нұршашуларды және басқа пиротехникалық құралдарын қолдан емес, арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыздар;
— оларды тұрғын үйлерден, жылдам жанатын заттардан, аласа төбе жабындыларынан, теректердің астынан 20 метр қашықта қолданыңыз;
— білтелерді жаққан сәтте қолыңызды созып тұрып, бетіңізге жақын ұстамаңыз;
— пиротехниканың ұшқынын сөндіру қиын, теріңізге тисе, күйік шалады;
— аспанға ұшатындарын адамдарға бағыттауға болмайды;
— зымырандар қауіптілігі жоғары пиротехникалық құрылғылар, сондықтан қолға ұстап емес, жерге орнатылып тұтандырылуы керек;
— отшашулар мен нұршашуларды қатты желде қолдануға болмайды; — пиротехникалық құрылғылар балалардың ойыншығы емес, оларға бермеңіздер;
— пиротехникалық құралдарды жерге түсіріп алуға және адамдардың аяғының астына тастауға мүлдем болмайды;
— нұршашуларды қолмен қосуға болмайды (шартылдақтар мен бенгал шырақтарынан басқасын);
— жағылған отшашумен нұршашуларға олардың қолдану қағаздарында көрсетілген қашықтықтан артық жақындамаңыз;
— пиротехникалық құралдарды қалтаңызға салып жүрмеңіз;
— жанып жатқан нұршашудың үстіне еңкейіп қарамаңыз.
Әрбір пиротехникалық құралды қалай қолдану керектігі нұсқауларда көрсетілген. Оны тұтынар алдында жақсылап танысып алыңыз. Бұл сізді пиротехникалық құралдарды қате қолданудан сақтайды.
Есте сақтаңыз! Пиротехникалық құралдардан болатын қайғылы жағдайлар қолдану ережелерін сақтамаудан туындайды. Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық игіліктерін қайғылы жағдайлар мен өрт қаупінен сақтаңыз! Төтенше жағдайлар мен өрт қаупі туындай қалса, 101, 112 телефондарына хабарласыңыз!