ҚР Президентінің БАӘ-ге сапарының видеошолуы жарияланды (+ВИДЕО)

200128021459633e Жаңалықтар

Atr.kz/28 қаңтар, 2020 жыл.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының бірінші күніне бейне шолу жарияланды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетсек, 27 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді. Сапар аясында ҚР Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 28 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ынтымақтастықты бекемдей отырып, ашық әрі мазмұнды диалог орнатқанын мәлім етті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу Дабидегі шейх Заид мешітіне барды.

http://atr.kz/bastyi-zha–alyi–/%D2%9Basym-zhomart-to%D2%9Baev-a%D2%9Bsh-prezidenti-donald-tramppen-kezdesti/

Фото: AkordaPress

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз