
Жаңалықтар
ҚР Президентінің 100 күн ішінде атқарған жұмыстарының видеошолуы жарияланды (+ВИДЕО)
Atr.kz/19 қыркүйек, 2019 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде халық алдында ант беріп, ұлықтау рәсімінен кейінгі 100 күн ішінде атқарған жұмыстарының видеошолуы жарияланды.
Бейнешолуды өзінің Facebook-тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беріп, ресми ұлықтау рәсімі өткеннен бері 100 күн өтті. ҚР Президентінің осы аралықтағы жұмыстарына қысқаша шолу»,-деп жазды Берік Уәли.