Оңға бастаған он шешім

О А БАСТА АН ОН ШЕШ М Жаңалықтар

Елбасы тапсырмасына сәйкес құрылған комиссия мүшелерінің Астанадағы төрт отырысы мен Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстарында жергілікті тұрғындармен өткізілген кездесулерінің нәтижесіндегі ұсыныстар ескеріліп, төмендегідей шешімдер қабылданды.

%d0%be____%d0%b0-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0__%d0%b0%d0%bd-%d0%be%d0%bd-%d1%88%d0%b5%d1%88-%d0%bc

Біріншіден, ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан Республикасындағы жеке және заңды тұлғаларға, яғни, қазақстандықтарға 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру институтын сақтау ұсынылды. Бұл – табиғат пайдаланушылардың жерді ұтымды қолдануына және өзіне берілген міндеттемелерді орындауына бақылау күшейеді,  ауыл шаруашылығы жерлерін берудің тәртібі белгіленіп,   ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында конкурс комиссиясының құрамына қоғамдық кеңестер мен бірлестік өкілдері  қосылады деген сөз.

Екіншіден, қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу ұсынылып отыр.  Деректерге көз салсақ, былтырғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, облыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2371,9 мың гектарды құрайды немесе облыс территориясының  бестен бірін алып жатыр. Соңғы төрт жылдың талдауы көрсеткендей, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 222,3 мың гектарға өсіп отыр, яғни 2012 жылы  2149,6 мың гектар болса, ол өткен жылы 2371,9 мың гектарға жеткен.

Үшіншіден, шекара маңы аумақтарындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің мемлекеттік шекарадан радиусын айқындай отырып, жергілікті жағдайларға және өңірдің ерекшеліктеріне байланысты оларды беру жөніндегі талаптарын анықтап, бекіту ұсынылды.

Төртіншіден, халықтың  қосалқы шаруашылықтардағы мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында, елді мекендердің айналасындағы жайылымдар мен шабындықтардың алаңдары айқындалып, оны  жеке және заңды тұлғаларға беруге тыйым салу ұсынылды. Яғни, бұл қадам жергілікті тұрғындарды жайылым, шабындықпен  қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.

Бесіншіден, жерді жеке тұрғын үй құрылысы үшін берудің проблемалық мәселелерін ескере отырып, әкімдіктерге бұл мақсаттағы жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждықтарға жатқызу ұсынылды. Яғни, 10 сотық алу үшін кезекте тұрған азаматтар санының миллионнан асқаны өз алдына, облыс орталықтары мен ірі қалаларда инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген бос жерлердің жоқтығы да мәселенің өткір тұрғанын көрсетеді. Соңғы уақытта Call-орталығы арқылы түскен ұсыныстар мен өтініштердің басым бөлігі де бұл мәселеде жедел жұмыс жасау керек екендігін көрсетеді.

Алтыншыдан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын жетілдіру туралы комиссия ұсыныстарын Парламент қарауына  енгізу айтылды.

Жетіншіден, жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру нормаларын жарияланған мораторийге қосу жұмыстарын атқару ұсынылды.

Сегізіншіден, комиссия қабылдаған шешімдерді заң талаптарына сәйкес рәсімдеп, Парламентке енгізу Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелді.

Тоғызыншыдан, Жер кодексінің мораторий жарияланған мәселелері бойынша  нақты шешімдер қабылдау үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуы туралы дәйекті мәліметтерді толықтыру, нақтылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі ескеріле отырып, ел Президентіне қолданыстағы мораторийдің мерзімін бес жылға, яғни  2021 жылдың  31 желтоқсанына дейін ұзарту ұсынылды.

Оныншыдан, беріліп отырған ұсыныстар Президент тарапынан қабылданып, комиссия өз жұмысын тоқтатты.

Қазіргі таңда аталған ұсыныстар аясында Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмаларына сәйкес, облыста тиісті шаралар алынуда.

Назкен  ӨТЕШЕВА,

облыстық  жер  қатынастары басқармасының

бөлім басшысы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз