ҚР Оқу-ағарту министрі інісін құтқармақ болған атыраулық оқушыны марапаттады

d6d2443b 5458 4665 b6ca f3a7962fbb03 Жаңалықтар

Елордаға келген батыр балалар құрметке ие болды. Марапатқа ие болғандардың арасында атыраулық оқушы Серік Дархан бар. 

Еске сала кетейік, 14 наурыз күні Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық округінде тұратын 7 жасар Дархан және 10 жастағы ағасы Серік  ойнап жүріп, абайсызда Щуче каналының шұңқырына құлап кетеді. Канал суына алдымен інісі батқан. Оның құлағанын көрген 10 жасар ағасы құтқармақ болып, суға секірген. Сол маңда бірге ойнап жүрген балалар үлкендерді көмекке шақырған. Көмекке жеткен тұрғындар 2 баланы да судан шығарып алған. Алайда, 2016 жылғы бала оқиға орнында көз жұмған еді.

Бүгін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің әр түкпірінен жиналған ержүрек балаларды алғыс хаттармен марапаттады. Министр қазақстандық оқушыларға көрсеткен батылдығы мен қайсарлықтары үшін алғысын білдірді.

«Адам өмірін құтқару – үлкен ерлік. Біздің мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі боларлық өжет, ержүрек, батыл балалардың бар екендігі мақтаныш. Осындай азаматтар тәрбиелегені үшін ата-аналарыңыз бен мұғалімдеріңізге алғыс айтамын», – деді Ғани Бейсембаев.

Кездесуге ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, қазақстандық дзюдошы және самбист Руслан Сейлханов қатысты. Батыр балалар мен олардың ата-аналарына министр Алғыс хат, энциклопедия, спорттық жабдықтар және лагерьге жолдамалар табыстады. 

Олар Астананың мәдени-демалыс орталықтарын аралап, өздері үлгі тұтатын тұлғалармен кездесті. Олардың қатарында бокстан әлем чемпионы және Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз