Жарнама
Жаңалықтар

«Қозғалыс – бұл өмір!»: Атырауда велошеру өтеді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 8 маусым күні медицина қызметкерлері күніне орай «Қозғалыс – бұл өмір» атты велошеру өтеді. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға және медицина саласының өкілдеріне құрмет көрсетуге бағытталған.

Жоспар бойынша велошеруге шамамен 200 адам қатысады. Қатысушылар таңертеңгі сағат 08:30-да жиналып, 09:00-де шеруді бастап, белгіленген бағыт бойынша қозғалады.

Велошеру Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойындағы «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетінен басталып, облыстық инфекциялық ауруханасына дейін жалғасады.

Іс-шараға қатысушылар үшін ақ жейде, қара шалбар немесе қысқа шалбар, ақ бейсболка секілді бірыңғай киім үлгісі белгіленген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл велошеру – денсаулық сақтаудың басты шарты тек емдеу емес, алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру екенін қоғамға көрсетудің бір жолы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button