АРДАҚТЫ АТЫРАУЛЫҚТАР!

Жаңалықтар

Жер-жаһанды қаhарлы қыстың ызғарын ысырып, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, күн мен түнді теңестірген, жаңару мен жасампаздықтың бастауы  болған Ұлыстың Ұлы күні  атыраулықтар үшін асыға күтетін ұлттық мерекеге айналды.

Тіршілік біткен қайта түлеп, пейілдің түзеліп, көңілдің кеңіген кезіне, жаны мен малы аман ағайынның қуана қауышқан шуақты шағында мұнайлы өлкеміз бен сүйікті шаhарымыз да толағай табыстарымен қадам басты.

Қол жеткізген жетістіктеріміз – мемлекетіміздің іргесі берік бірлігінің, берекелі тірлігінің арқасы. Келер жылдан да күтер үміт көп, алға қойған межелі мақсаттарымыз мол. Игі бастамалардың оң нәтижесіне ортақ мүдде мен баршамыздың ауызбіршілігіміз, жұмыла жасаған жұмыстарымыз арқылы қол жеткізетініміз сөзсіз.

Халқымыздың қазыналы шежіресі мен көнекөз естелігі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлттық қасиеттері мен құндылықтары Ұлыстың Ұлы күнінде ұлықталып, рухы биік, намысы берік, ең бастысы, жүздеген ұлт пен ұлыстың тату-тәтті Отаны ретінде әлемге танылуы тұғырлы тәуелсіздігіміз бен еңселі егемендігіміздің арқасы деп білемін.

Бабаларымыздың ақ батасы мен өнегелі дәстүрін жалғаған Наурыз мейрамы әр шаңыраққа жақсылық пен ізгілік, қуаныш пен ырыс, молшылық пен құт-береке дарытсын!

Қаламыздың күш-қуатын дамытатын еселі еңбектеріңіз табысты, алар асуларыңыз биік, ел дамуына қосар үлестеріңіз мол болғай, ағайын!

Ізгі ниетпен,

Атырау қаласының әкімі Н.Ожаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған