Жарнама
Жаңалықтар

Қоршаған ортаны қорғау – басты міндет

Атырауда «Наурызнаманың» онкүндігі аясындағы Тазару күнінде «Таза табиғат» акциясы өтті.

Аймақтағы атқарушы органдар, кәсіпорындар, экобелсенділер және волонтерлердің қатысуымен өтіп жатқан тазалық шарасына қатысушылар «Атырау» шағынауданындағы “Аламан” базары маңында жиналып, алдымен “Айхан” көлек жөндеу орталығы мен “R-17” тегершік жөндеу орталығының артын және “Жұмағыз” мейрамханасының маңын қоқыстардан тазалады.

–Биыл елімізде Наурыздың тойлау форматы өзгерді. «Наурызнаманың» онкүндігінің негізінде бірқатар іс-шара атқарылды. Бүгінгі қолға алынған тазару рәсімі – үй-жайды, аулаларды тазалап, бұлақтар мен арықтарды аршу, табиғатты қорғау әрі өткеннің сарқыншағынан құтылуды білдіреді. Бұл – табиғатпен үндес болу қажеттігі мен адамның айналасындағы әлемнің бір бөлшегі екенін еске салатын күн. Бүгін бастау алған акция тек осы жұмыстармен шектелмей, әрі қарай жалғасын таба беруі тиіс. Әр адам қоршаған ортаның тазалығына атүсті қарамаса игі, — деді Атырау облысы бойынша экология департаментінің бөлім басшысы Сапар Тұрсынбеков.

Айта кету керек, облыста экологиялық сенбілікке 2 мыңға жуық адам қатысты.  Бұл жолы «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері айрықша белсенділік танытты. Акция аясында барлығы 50 тонна қоқыс жиналды. Оның ішінде 9 тонна шыны, 22 тонна пластик, 10 тонна резеңке, 8 тонна қағаз, 1 тонна металл бар. Жиналған барлық қоқыс «Арнайыавтобаза» ЖШС-нің полигонына жеткізілді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button