Жарнама
Жаңалықтар

Қорғаныс бөліміне — жаңа автокөлік

Жаңа жыл қарсаңында Қызылқоға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге су жаңа автокөлік берілді.


Көктемгі және күзгі мезгілде әскерге шақырылушыларды облыстық комиссияға апару аталмыш бөлім қызметкерлері үшін елеулі қиындықтар келтіретін.
Осы проблеманы оңтайлы шешу үшін бөлімге көлік алып беру туралы қорғаныс саласының ардагері, аудандық мәслихаттың депутаты Есенбай Нұров аудан әкімі Қанат Әзмұхановқа ұсыныспен шыққан еді. Өз кезегінде аудан басшысы бұл ұсынысты қабыл алып, жыл аяғында «Jetour» авто көлігін алып берді. Оның кілтін ұжым алдында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, майор Нұрбол Ғаниевке аудан әкімінің орынбасары Гүлшара Ізімова салтанатты жағдайда табыстады
– Әскер – мемлекетіміздің айбыны, бетке ұстар айбары. Бұл орайда, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерінің еңбегі зор. Ұжымның бұл бағыттағы жұмысын одан әрі жандандыру бағытында аудан басшысы осындай сый жасады. Сіздерді Жаңа жылмен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс тілеймін, — деді ол.
Бұдан кейін қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, майор Нұрбол Ғаниев ізгі тілегін білдіріп, әріптестері атынан аудан әкіміне ризашылығын білдірді.

Дәулетқали АРУЕВ
Қызылқоға ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button