Керек кеңес – кәдеге!

Жаңалықтар

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Артық болмас білгенің…

Банкіңіз сынбасын десеңіз

    Тұздалған көкеніс, қайнатылған тосап (варенье) салынған банкілерді саяжайдан үйге, немесе үйден басқа жаққа тасығанда бір-біріне соғылысып, сынып қалуы мүмкін. Сондықтан да оны болдырмас үшін автокөлік дөңгелегінің камераларынан ені 3-5 см. Етіп сақиналап кесіп алып, әлгі банкілерге кигізсеңіз, бір-бірімен соқтыққанда сынбауына себепші болады.

Күнбағыстан өнім алғыңыз келсе…

    Күнбағысты күз айларында жинап алған соң, келесі көктемге дейін сақтау өте қиынға соғады. Көгеріп немесе кеуіп кетуі мүмкін. Кейбіреулер политилен қалтада сақтайды. Бұл дұрыс емес. Егер алдағы жылы да сапалы дән жинағыңыз келсе, күнбағысты міндетті түрде кептіріп алыңыз. Тіпті, шамалап табаға қыздырып алғаныңыз да дұрыс. Күнбағыс дымқылды ұнатпайды және артық жылу да қажет емес. Қыстың күні картон қораптарда салқын жерде ұстаған дұрыс. Сондай-ақ, пластмасса мен шыны ыдысқа салуға болмайды. Саяжайға қалдырсаңыз да бұзылмайды. Ол кезде матадан тігілген қапшыққа салып, кеміргіштер жеп кетпес үшін қабырғаға іліп кеткен жөн.

    Көнерген шемішкені май қосып қайтадан қуырсаңыз іске жарайды.

Қабырға кірлесе

   Обай қағаз жапсырылған қабырғаны тазарту үшін жұмсақ шүберекті керосинге тигізіп, сүрту қажет. Обойға май дағы тисе, оның үстіне бордың үгіндісін сеуіп, үстіне сорғыш қағаз жауып, ыстық үтікпен басса, май қағазға көшіп тазарады. Егер обойдағы май дағы осы әдіспен тазартқанда кетпей, әбден сіңіп қалған болса, оған картоп ұнынан жасалған ботқаға бензин қосып жағып, үстінен ыстық суға ерітілген әкпен (известь) жібітіп, сегіз-он сағаттан соң жылы сумен жуып алу керек. Сонда ескі май дағының ізі қалмайды.

Сәбіздің пайдасы

          Адам өмірі үшін аса бағалы витамин мен минералды затқа бай өсімдіктің бірі-сәбіз. Ол, әсіресе, каротин мен А витаминінің көзі. Каротин тез өзгеріске ұшырайды. Сондықтан сұйық майға қосып не қуырғанда қасиетін молырақ сақтайды. Сәбізді салат, қатырма, құймақ, бұқтырма жасап, майлы тамақпен немесе қаймақ қосып пайдаланған жөн. Сәбіз организмдегі тұзды судың айналысын реттейтін, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді. Калий тұзына да бай.

          Сәбіздің пайдалы қасиеті оның шырынында көбірек сақталадыц. Сондықтан, оны бөбектерге, бала емізетін аналарға асқазаны, бүйрегі, жүрегі, қан диабетімен ауыратындарға көбірек беру керек.

        Сәбізді шөбінен арылтып, тазалап жуып, аршып, тюркадан өткізген соң,дәкемен сүзіп, дайын шырынын дереу пайдаланған жөн. Шырын тұрып қалса, сапасы өзгереді.

        Ересек адам күніне бір стакан сәбіз шырынын пайдаланса, әбден жеткілікті. Оның құрамындағы фолий қышқылы қанның қызыл түйіршігі- эритроцидке тез айналады.

Ұйықтай алмай жүрсеңіз

     Жатқаннан кейін көпке дейін ұйықтай алмайтын адамдарға берер кеңес – долана мен валериананы (дәрілік шөп) теңдей мөлшерде қайнатып, тұнба жасаңыз да, әр күні ұйықтар алдында бір рөмке суға тамшы тамызып ішіңіз. Ол ағзаны жайландырып, көңіл-күйді жақсартады, неше қилы негізсіз ойларды тежейді. Тез ұйықтауға көмектеседі.

Ескі дөңгелектің пайдасы

    Автокөлік дөңгелектері, яғни, автопокрышкалар көнерген соң да пайдаға асады. Мәселен, автокөлігіңізді оқыс соққыдан аман сақтау үшін. Көп ретте автокөлікті оқыс соққадан аман сақтау үшін. Көп ретте автокөлікті гаражға кіргізгенде артқы буферімен гараж қабырғасына соқтығысып қалып, майысып, бүлініп жатады. Сондықтан, гаражға машина кіріп шыққанда тірелетін ішкі қабырғасына покрышканың кесінді доғасын амортизатор ретінде жабыстырып бекітіңіз, пәледен аулақ боласыз.

Кітабыңыз таза болсын        

        Кітап беттерінен сия дақтарын, түрлі лас белгілерді кетіре алмай, кей кездері әбігерге түсетініміз анық. Ендеше, мына әдісті қолданайық. Бетке түскен даққа ұнтақталған бор үгіндісін немесе бензинге араластырған бор сеуіп, бетін қағазбен  жауып, үстінен ықтық үтікпен басып кетіруге болады. Ал, саусақтың, қарындашың ізін өшіргішпен емес, кәдімгі нанның жұмсағын алып ысса, дақ орны іс – түссіз жоғалады әрі қағаз да жыртылмайды.

Жинақтаған:

Гүләлия ИГІЛІКОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз