Жарнама
Жаңалықтар

Қонақта – жер қойнауын барлаушылар

Аптаның жексенбі күні елімізде геологтар күні аталып өтеді. Осыған байланысты, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Жер қойнауының барлаушысы» тақырыбында кездесу кеші өтті. Бұл жолы шараға тау-кен инженер-геологы Келтір Шәненов пен ҚР кен орнын ашушысы Қуаныш Мәтжанов қатысты.
Жалпы, бұл кәсіби мерекенің сәуірде тойлануының өзіндік сыры бар. Өйткені, бұл айда қар көбесі сөгіліп, жазғы маусымдық жұмысқа дайындық басталады. Яғни, экспедицияларға шығуға лайықты кезең болып табылады.
Кездесуде кеш қонақтары жаңа кен көздерін табу, еліміздегі ескі кен орындарын қайта жандандыру бағытындағы шараларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, геологтардың экспедицияларда, жұмыс үстелінде немесе зертханаларда қанша уақыт өткізетіні, экспедициялар қай жерде өтетіндігі және геологтар қандай жағдайда жұмыс істейтіндігі туралы сұрақтарға жауап берілді.
Шара соңында кітапхана басшысы Сара Ізмұханбетова ұжым атынан естелік сыйлық пен алғыс хат табыстады.
Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button