АТЫРАУЛЫҚ ЗІЛТЕМІРШІ – ЧЕМПИОН!

АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында атыраулық Ниджат Рахимов 77 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанып, келер жылы Рио де Жанейро қаласында өтетін Олимпиадаға жолдаманы ұтып алды.

 

Айта кетсек, бұл атыраулық спортшылардың төртжылдықтың басты додасына еншілеген алғашқы жолдамасы болатын. Бұған дейін дзюдодан атыраулық Әнуарбек Сәриев параолимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алған еді.

77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруді 155 келіден бастап, 165 келіде аяқтады. Нәтижесінде төртінші орынды қанағат тұтты. Қытайлық Люй Сяоцзюнь 201 келіні үш мүмкіндігін  де пайдалана алмай, жарысты аяқтады. Ал, қазақстандық ауыр атлет алдымен 195 келіні ырқына бағындырып, соңынан 207 келіні басынан асырды.

Нәтижесінде қос жаттығу қорытындысы бойынша 372 келіні көтерген Ниджат Рахимов әлем чемпионы атанды.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз