ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУҒА – 11 МЛРД.

2015 жылы Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына 11 млрд. теңге қарастырылған.

 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті.

«2015-2019 жылдарға арналған гео-барлау жұмыстарының бағдарламасы аясында биыл 42 жерде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысандардың жалпы көлемі 135 мың шаршы метрді құраса,  осы жерлердегі барлау жұмыстарына бөлінген қаржы 6 млрд. теңгені құрайды. Жалпы, 2015 жылы геологиялық барлау жұмыстарына 11 млрд. теңге қарастырылған», – деп хабарлады Б.Нұрабаев.

Сондай-ақ, комитет төрағасы биылғы жылдың аяғына дейін Қазақстанда геологиялық есептердің электронды картотекасы жасалатындығын, бұның өзі болашақта   барлық Қазақстан бойынша атқарылған барлау жұмыстарының анықтамалық ақпараттарын қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік беретіндігін мәлімдеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз