Жарнама
Жаңалықтар

Қоғам қайраткеріне құрмет

Парламент Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Атырау облысының Құрметті азаматы Мәдина Ғабдісәлімқызының шаңырағына арнайы барып, торқалы тоқсан жасымен құттықтады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың және өзінің атынан құттықтау хатын табыстады. Сонымен қатар гүл шоқтарын ұсынып, жылы лебізін білдірді.

Әділ Орынбасарұлы 1990 жылдары Атыраудағы тасымалдау және әуежай қызметі саласында (АТМА) қызмет атқарып, сол кезеңде Мәдина Ғабдісәлімқызымен қатар еңбек еткенін ерекше ықыласпен еске алды. Ол ардагердің зейнет жасына шыққаннан кейін де қоғамдық өмірге белсене араласып, жастарға үлгі боларлық іс тындырып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында Мәдина Ғабдісәлімқызы депутаттың ата-анасын жақсы білетінін айтып, олардың да елге сіңірген еңбегі жайлы жылы естеліктерімен бөлісті. Бұл сәт екеуара ықылас пен ізеттіліктің, ұрпақтар сабақтастығының айғағы болды.

— Елге сіңірген еңбегімнің еленіп жатқанына қуаныштымын. Біз ұлт болашағы үшін тер төккен аға буын өкіліміз. Бүгінгі жастар да осы жолдан таймаса екен деймін, — деді М.Ғабдісәлімқызы.

Айта кетейік, Мәдина Ғабдісәлімқызы ұзақ жылдар бойы партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарында басшылық қызметтер атқарып, облыс дамуына сүбелі үлес қосты. Бүгінде өңірдің белсенді зейнеткері ретінде түрлі қоғамдық шараларға атсалысып, жас ұрпаққа өнеге боларлық ақыл-кеңестерін де айтып отырады.

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button