«Жаңа күн – жаңа Қазақстан» телемарафоны басталды

220315155530365e Жаңалықтар

Марафонның алғашқы күні телевизия майталманы Зейін Әліпбек, тележүргізуші Динара Кунафина, журналист Батыржан Ибрагимов балалар үйіне барып, «Хабар» агенттігі арнайы дайындаған сыйлықтарды тарту етті.

«ҚазАқпарат» мәлім еткендей, телемарафон аясында осындай игі іс-шараларды күн сайын өткізу жоспарлануда. Марафонда студияға келетін қонақтармен сұхбаттар жасалады, ұлттық спорт түрлерінен көптеген жарыстар ұйымдастырылып, жүлде таратылады, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетіледі.

«Хабар» агенттігі елімізге аманат қылған Наурыз мерекесін 10 күндік телемарафон ретінде атап өтуді бастап кетті. 10 күн ішінде біз таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін Нұр-Сұлтан, Алматы студияларынан эфирге шығып отырамыз. Телемарафон аясында біз тарихқа тағзым етіп, бабаларымызды ұлықтаймыз, мұқтаж жандарға жақсылықтар жасап, басқа елдерде Наурыздың қалай тойланатынын көрсетеміз», – деді «Хабар» арнасының шеф-редакторы Айдос Тұрысбек.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 14-і күні отандық телевизия тарихындағы тұңғыш 10 күндік телемарафон «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартты. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Жаңа күн – жаңа Қазақстан» телемарафоны наурыздың 23 дейінгі аралықта тікелей эфирде көрсетіледі. Наурыздың 14-нен 23-не дейін «Хабар» арнасынан «Жаңа күн – Жаңа Қазақстан» телемарафонын тамашалай аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз