Қоқыс төгемін деп шығып оралмаған бала табылды

1354441035 postoyanno zabyvaem 1 Жаңалықтар

Авангардтағы 4-ықшамаудан тұрғыны, 11 жастағы жасөспірім сағат 11:00 шамасында қоқыс төгуге  шығып кетіп, үйге оралмаған.

Оқиға бойынша анасы іздеп таба алмай, сағат 20:00 шамасында 102 операторына хабарлайды.

Іздеу жұмыстарына патрульдік, ювеналдық, учаскелік және жедел уәкілдері жұмылдырылды. Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы  бала болуы мүмкін деген аумақтар тексерілді.

Патрульдік полиция қызметінің БАТЫС-930 экипажы жоғалған жасөспірімді Балықшы-Жұмыскер көпірінің тұсынан тауып алып, бөлімге жеткізіп,  анасына  тапсырды. Ювеналдық полиция инспекторлары  жасөспірім мен  ата-анасы үшін профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Ұлының аман табылғанына қуанған азаматша тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз