Қиғаштағы су деңгейі қалыпты
Еділ өзенінің алабындағы Қиғаш өзені – Шортанбай ауылының тұсындағы гидробекетте су деңгейі өткен тәулікте +7 см көтеріліп, деңгейі 187 см құрады, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Құрманғазы ауданы бойынша жалпы су тасқынына қарсы бөгеттердің ұзындығы – 264 шақырым (Қиғаш – 158 км, Шора – 106 км). Барлық бөгеттердің техникалық төлқұжаттары жасақталып, ауылдық округтердің теңгеріміне алынды.
Аудандағы тұрғын үй саны – 11 645 (халық саны – 56 000 адам), оның ішінде су тасқыны қаупі бар 16 округте тұрғын үйлер саны – 9 971 (халық саны – 50 167 адам).
16 сәуірдегі өзендегі су деңгейі (Шортанбай гидробекеті) – 187 (+7) см, Шора өзені (Құрманғазы гидробекеті) – 132 (+9) см, Волга гидроторабынан су жіберу – 10240 (+2090) м3/с.
Қуандық ШӘКІРОВ